Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Алматы тауында ер адамды құтқарды

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Алматы тауында ер адамды құтқарды

2020 жылғы 16 қазанда түнде Республикалық жедел-құтқару жасағына Алматы облысы, Қарасай ауданындағы тауда ер адамның жоғалғаны туралы ақпарат келіп түсті. Хабарласқан жас қыз досы екеуі тауға серуенге шығып, сол жерде қонбақшы болғанын айтты. Терра талшығына жеткен соң (биіктігі 3200 метр теңіз деңгейінен жоғары), жастар лагерь құрған, кейін қыз ұйықтауға жатқан, ал қасындағы жігіт темекі шегуге шыққан. Екі сағаттан соң оянып қараса, қасындағы досы әлі келмеген. Айқайлап шақырса, жауап бермеген, ұялы телефонын палаткада қалдырып кеткен.

8 адамнан тұратын жедел топ, оның ішінде кинологиялық есеп оқиға орнына аттанды.

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары жедел автокөлікпен ғарыш станциясына дейін жетіп, ары қарай Терра талшығына жаяу аттанды. Оқиға орнында жедел топ палатканы тез тапқан. Палатка ішінде шошып қалған қыз отыр екен. Ер адам әлі де болса келмеген. Қыз балаға палаткадан шықпай отыру туралы ұсыныс беріп, құтқарушылар екі топқа бөлініп жан-жақты қарап, іздеу-құтқару жұмыстарын бастаған. Біраз уақыттан сон, адам іздерін тапқан құтқарушылар сол ізбен жүріп, атын айтып айқайлап, фонарьмен сигнал берген.  Зардап шеккен ер адам айқайлаған дауыстарды естіп, құтқарушыларға қарай бет алған.

Ер адам палаткадан біраз алыстап кетіп, кері қайтар жолды қараңғыда таппай, адасып қалған болып шықты. Ол төмен қарай жүру керек екен деп сол жаққа жүре берген. Ер адам шамамен палаткадан 1 шақырым алыстап кеткен. Туристте ешқандай жарық көзі болмағандықтан, түбегейлі адасқанын сезіп, шырша ағашының астында отырғанда, өзінің атын айтып шақырған дауыстарды естіген. Қазір таудың  кейбір биік жерлерінде қар жатыр және түнде ауа темперетурасы 0о градустан төмен түсуі мүмкін, бірақ көмек жедел келген соң ер адам тоңып үлгірмеген, оның әл-ауқаты қанағаттанарлық.

Зардап шегушімен палаткаға оралған соң, РЖҚЖ құтқарушылары достарды жедел автокөлікке дейін  бірге барып, ары қарай қалаға дейін жеткізіп салды.

 

«ҚР ТЖМ РЖҚЖ» ММ баспасөз қызметі