Ақсу қаласының өрт сөндірушілері бензин құйылған бес канистр мен екі баллонды эвакуациялады

Ақсу қаласының өрт сөндірушілері бензин құйылған бес канистр мен екі баллонды эвакуациялады

Павлодар облысы ТЖД өрт сөндіру қызметінің №13 өрт сөндіру бекетінің қызметкерлері Ақсу қаласына қарасты Ақжол ауылындағы өрт кезінде бес бензин құйылған канистр мен екі баллонды эвакуациялады. Өрт туралы хабарлама «101»  пультіне кеше 09 сағат 50 минутта келіп түсті. Әбдіров көшесіндегі жеке үйдің аумағындағы гаражда жалпы ауданы 12 шаршы метр аумақта есіктің ішкі ағаш қаптамасы мен ағаш сөрелер жанды. Өрт сөндірушілер сыйымдылығы 20 литр екі металл және үш пластикалық бензин канистраларын эвакуациялады. Бес канистрдің ішінде барлығы 100 литр бензин болды. Сондай-ақ, өрт сөндірушілер сыйымдылығы 50 литр бір оттегі баллонын және сыйымдылығы 27 литр  бір газ баллонын эвакуациялады. Газ-түтіннен қорғау қызметі буынының жедел іс-қимылдарының арқасында газ баллондарының жарылуының және канистралардағы жанғыш заттардың тұтануының алдын алды. Өрт сөндірушілердің күшімен өрт сағат оннан он минут кеткенде оқшауланып, сағат 10:38-де толығымен жойылды. Қазіргі уақытта өрттің себебі мен келтірілген шығын анықталып жатыр.

Кеше Павлодар ауылында тағы бір өрт болып, оқиға орнында 1964 жылы туған ер адам қайтыс болды. Өрт туралы хабарлама бірыңғай диспетчерлік пультке 21 сағат 13 минутта келіп түсті. Өрт барысында 50 шаршы метр аумақта шатыры ішінара құлаған екі бөлмелі тұрғын үй толығымен жанып кетті. Көршілер жанып жатқан үйден үй иесінің жартылай күйіп кеткен денесін алып шықты. Көршілердің айтуынша ер адам ішімдік ішуге әуес болған. Оқиға орнына келген «103» бригадасының дәрігерлері қайтыс болғанын анықтады. №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері өртті 21 сағат 47 минутта оқшаулап, 21 сағат 54 минутта толығымен жойды. Өрт орнында облыстық ТЖД Өрт сөндіру қызметінің үш техникасы мен тоғыз қызметкері жұмыс істеді. Қазіргі уақытта оқиға орнында өрт-сынақ зертханасының қызметкерлері жұмыс істейді, олар өрттің себебі мен келтірілген шығынды  анықтайтын болады

Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаменті аймақ тұрғындарына жанғыш заттарды сақтау және пешті пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау өрт түрінде қайғылы салдарға және адамдардың өліміне әкелуі мүмкін екенін еске салады. Ағымадғы жылдың 15 тамыз бен 15 қазан аралығында Павлодар облысының аумағында өрт қауіпсіздігі айлығы өтіп жатыр. Облыстың ТЖД аумақтық және құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерін тарта отырып, тұрғын үй секторында 54 мыңнан астам адамды қамтыған 32 мыңнан астам аралау өткізді.

Сурет: Константин Шелков

 

Павлодар облысы ТЖД-ің

ішкі және сыртқы коммуникациялар қызметі