Дер кезінде маңайда болған

Дер кезінде маңайда болған

Абай ауданындағы өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі Бекшойынов Нұрбол тұрғын үйлерді аралап, профилактикалық тексеру жүргізу кезінде Молдағалиев көшесіндегі үйлердің бірінен шыққан түтінді байқап қалып, дереу сол жерге көмекке ұмтылды.

Пеш тұрған үйге жапсарласа салынған қосалқы бөлмеде төбе өртеніпті. Үйде 2008, 2010, 2013 және 2015 жылы туған қыздар жалғыз өздері отырған екен. Нұрбол Бекшойынов өрт сөндірушілерді шақырып, балаларды далаға шығарды. Келіп жеткен өрт сөндірушілер 2 шаршы метрдегі өртті сөндірді. Өрт себебі пешті жағу кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережесінің талаптарын сақтамау болды.

Құтқарушылар ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауды және пешті өздерінің жағуын тапсырмауды өтінеді. От жағуды ұйқыға кетер алдында 2 сағат бұрын тоқтату қажет. Осы кезде отын  түгел жанып үлгереді. От жағу кезінде ешқашан жеңіл тұтанатын сұйықтық қолдануға болмайды. Сонымен қатар пештен үлкен отынды жағуға болмайды.

Киім-жиһаз, отын мен өзге де жанғыш материалдарды пештен кем дегенде 1,5 метр қашықта ұстаңыз. Пештің үстіне су отын мен киімді кептіруге болмайды. Күлді құрылыстардан 15 метр қашықта арнайы дайындалған орынға төгу керек.

Өрт кезінде дереу «101»-ге қоңырау соғыңыз.

 

ШҚО ТЖД Баспасөз қызметі