ТЖМ тұлғалары: Ринат Фаткиев

ТЖМ тұлғалары: Ринат Фаткиев

  Фаткиев Ринат Тагирович – ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығы Ақмола облысы бойынша филиалы шұғыл медициналық көмек бригадасының жоғары медициналық біліктілік санатындағы фельдшер. Оның әкесі жедел медициналық көмек саласында 40 жыл жұмыс істеді.

  18 жылдан астам уақыт бойы өрттерге, жол-көлік оқиғаларына, төтенше жағдайларды жою орындарына және басқа да түрлі күрделі жағдайларға шығып, зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсетіп, адамдарды құтқарады.

  Ринат Тагирович 2016 жылы су тасқыны кезінде тұрғындарға да, азаматтық қорғау қызметкерлеріне де медициналық көмек көрсетті. Ол халық арасында санитарлық-ағарту жұмыстармен белсенді айналысады. Оның тәжірибесі мен адалдығы адамдарға шынайы қызмет етудің мысалы болып табылады.