Олар өз өмірлерін тәуекелге қиып, отпен күреседі

Олар өз өмірлерін тәуекелге қиып, отпен күреседі

Қызметке келуімен олар өздері туралы ойламайды. Қаншалықты өз бастарын тәуекелге тігіп, отпен күреседі. Әр кезекшілікте үнемі оларды түрлі сынақтар күтіп тұрады. Өз өмірлерін тәуекелге тігіп, өзгелердің өмірлерін, мүлкін оттан сақтап қалу оларға әлдеқайда маңызды. Бәлкім, бейбіт өмірдің азаматтары, бұл олардың жұмысы деп сынайтын шығар, бірақ та олар оттың ішінде жүріп, барлау жасап, психологиялық қақтығыстан өтіп, түрлі «тосын сыйларға» тап болады.

Осындай «тосын сыйға» азаматтық қорғау кіші сержанты өрт сөндіруші Артем Колокольников тап болды. Ол Баянауыл ауданы Майқайың кентін қорғау бойынша № 29 өрт сөндіру бекетінде қызмет атқарады.

Өзінің кезекті әдеттегідей кезекшілігінің бірінде 2019 жылғы  10 қазанда   сағат 17.15 -та Пушкин көшесі, 27 үй мекенжайы бойынша  жеке тұрғын үйдің жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түседі. Оқиға орнына құрамында 4 адам бар бөлімше шықты. Өрт орнына келген кезде өрт сөндірушілер жеке тұрғын үйдің қатты жанып жатқанын, оттың қораға көшкенін көреді. Үйдің иесі үйдің ішінде газ баллондардың бар екенін дреу хабарлады. Бөлімше командирі Е.Тиштуттанов өрт туралы барлық ақпаратты жинап, күштер мен құралдарды жедел басқару орталығына жіберді. Кейін газ түтіннен қорғау қызметі өртке барлау жасады. Барлау барысында өрт сөндірушілер 27 литрлік 6 газ баллонын және сыймдылығы 50 литрлік 1 газ баллонын тауып алды. Уақытты жоғалтпастан, қайсар мінезділік танытып, өрт сөндіруші азаматтық қорғау кіші сержанты Артем Колокольников және Диас Макаров жедел түрде газ баллондарын эвакуациялауға кірісті. Осындай батыл іс-әрекеттерінің арқасында олар жарылысты болдырмай, өрттің одан әрі басқа құрылыстарға тарауына жол бермеді. Үйлесімді әрі кәсіби іс-әрекетпен өрт сөндірушілер өртті толығымен түнгі сағат 00.09-та жойды.

Біз газ баллондарын қатты түтіннің ішінде, оттың ыстық лебі мен нашар көрінудің ішінен тез тауып алып, оларды жылдам эвакуациялауға кірістік. Сол кезде менің санамда «жылдам Артем», «жылдам» деген дауыстар естіле бастады. Сонда ғана менің ішімде рухани күшім оянды деп ойлаймын. Қазір есіме алсам, мен өзімнің жылдамдығыма қатты таң қаламын. Өйткені мен газ түтіннен қорғау аппаратына қосулы болдым, өзім өрт сөндірушінің киімдемін. Осының бәрінің салмағы шамамен 15 кг болады. Оның үстіне қолымда міне-міне жарылайын деп тұрған газ баллоны бар. Оттың ішінде дұрыс ештеңе көрінбеді. Осындай батырлыққа жеке құрам үшін үнемі өткізілетін түрлі жаттығулар арқылы қызметте үйретеді.  Қызметтегі оқу-жаттығулар шын мәнінде біздің қызметке қажет екенін мен түсіндім, – деп Артем өз ойымен бөлісті.

ҚР Президентінің 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 30 Жарлығымен жауынгерлік міндеттерді табысты орындауға ықпал ететін шеберлік танытқаны, бастамашыл және батыл әрекеттері үшін азаматтық қорғау кіші сержанты өрт сөндіруші Артем Алесандрович Колокольников «Ерлігі үшін» медалімен марапатталды!   

 

 

Айдана Жақыпова

«Павлодар облысы ТЖД

Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ