
Атырау облысы ТЖД қызметкерлері жүргізген барлау жұмыстары барысында 7 жану ошағы табылды. Қабылданған шаралардың арқасында үш ошақ сөндірілді.
Іс-қимылдарды үйлестіру үшін ТЖД-да жедел штаб құрылды. Түтінге қарамастан елді мекендерге қауіп жоқ.
Батпақты жерлер мен оңтүстік-шығыстан секундына 21 метр жылдамдықпен соққан жел өртті сөндіруді қиындатты. Сонымен қатар арнайы техниканың баруы қиынға соқты, өртті сөндіру аспалы өрт сөндіргіштер мен шартылдақтардың көмегімен жүзеге асырылады.
Каспий теңізінің жағалауындағы қамысты сөндіруге жеке құрамнан 33 адам, 9 бірлік техника бар облыстық ТЖД, «Ақ Жайық» мемлекеттік табиғи резерватынан 25 қызметкер және 6 бірлік техника күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі