Шымкенттік құтқарушылар «25 мың құтқарылған өмір» акциясын қолдады

Шымкенттік құтқарушылар «25 мың құтқарылған өмір» акциясын қолдады

Азаматтық қорғау органдарының құрылғанына 25 жылдығын мерекелеу аясында «25 мың құтқарылған өмір» атты донорлық қан тапсырудың республикалық акциясы іске қосылды.

Биылғы жыл мерейтойлық даталарға бай: Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 75 жылдығы, Ұлы Абайдың 175 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы. Қазақстан құтқарушылары үшін осы атаулы күндердің ішінде ерекше құрметті орында 19 қазанда атап өтілетін азаматтық қорғау органдарының құрылуының 25 жылдық мерейтойы.

Негізгі қызметтен басқа ТЖ органдарының қызметкерлері қаланың қоғамдық өміріне белсенді қатысады. Олар өскелен ұрпақтармен әңгімелер, тәрбиелік семинарлар өткізеді, кез-келген уақытта туындауы мүмкін түрлі төтенше жағдайлар кезінде сауатты іс-әрекеттерге үйретеді. Сондай – ақ түрлі қайырымдылық акцияларына қатысады - бұл балалар үйлеріне көмек көрсету, қарттарға көңіл бөлу, жалғыз басты қарт адамдарға көмек көрсету .   Құтқарушылар кезекті рет адамдарды құтқару ісінде өздерінің адамгершілігін, ізгілігін көрсетті. Азаматтық қорғау органдарының 25 жылдығы аясында шымкенттік құтқарушылар «25 мың құтқарылған өмір» республикалық акциясын қолдады. Донор бола отырып, Шымкент қаласы ТЖ департаменті бастығының орынбасары полковник Ерғали Бахаев бастаған 60 құтқарушы тегін қан тапсырды. Бұл баға жетпес көмек біздің азаматтарымызға қажет болады.

 

Шымкент қ.ТЖД

ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы