25 жыл өрт сөндіру қызметінде

25 жыл өрт сөндіру  қызметінде

Тәулік сағаттарымен санаспай, өз өмірін қауіп  пен қатерге тіге отырып, еліне еңбек ететін өрт сөндірушілер - қоғам қауіпсіздігін қызғыштай қорғайтын  нағыз батыл жандар.

Солардың бірі Шымкент қаласындағы №2өрт сөндіру бөлімінің бастығы  азаматтық  қорғау подполковнигі Айдынбек Туматов.1995 жылдан бері азаматтық қорғау органдарында қызмет атқаратын азамттық қорғау подполковнигі Айдынбек Темірбекұлы қазыргі таңда №2 өрт сөндіру бөлімінің бастығы лауазымында. Айдынбек Темірбекұлы Туматов - Шымкент қаласындағы «тілсіз жаумен» күреске ғұмырының 25 жылын арнаған жан.

Айдынбек Туматов еңбек жолын №30 өрт сөндіру бөлімінің  өрт сөндіруші лауазымынан бастады.  Өзінің біліктілігі  мен белсендігінің арқасында әрдайым алдыңғы шептерде көріне білген Айдынбек Туматов 1998 жылы Шымкент қаласындағы оқу өрт сөндіру бөліміне қарауыл бастығы болып тағайындалады. 2002 жылы №2 өрт сөндіру бөлімінің аға анықтаушысы, 2003 жылы №3 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары, 2004 жылы №1 мамандандырылған жасақ бастығының орынбасары лауазымдарына тағайындалған  ол бүгінде  өз ісінің шебері және жас мамандарға өзі тәлімгер болып жүр.

 А.Туматовты  әріптестері,  оның өрт сөндіру кезіндегі әрбір іс-әрекеті үлгі мен өнегеге, тәлім мен  тәжірибеге толы екендігін  айтады. Осылайша мол тәжірибе  мен кәсіби біліктілігінің арқасында үлгілі  қызмет атқарып жүрген Айдынбек Темірбекұлы түрлі марапаттарға ие. Бұл көптеген жылдар бойы  еткен еңбектің  жемісі.

 

Шымкент қ. ТЖД баспасөз қызметі