Бүгін, азаматтық қорғау органдарының құрылғанына 25 жыл толу қарсаңында жылыту кезеңінде өрттердің алдын алу мақсатында Департамент «Облыс аумағында өрт қауіпсіздігі күнін» кең ауқымды акциясы өтті.
Акцияға Ақтөбе облысы азаматтық қорғау гарнизонының 300-ден астам қызметкері жұмылдырылды.
Іс-шараны өткізу шеңберінде пешпен жылытуға байланысты өрттердің және жазатайым оқиғалардың туындау қаупі жоғары тұрғын үй секторын аралау жүргізілді. ЖАО және «STEP-MS» ЖШС, «Мониторинг сервис» ЖШС және Ақтөбе өртке қарсы жабдықтар зауыты өкілдерінің қолдауымен халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын отбасылар мен азаматтарға көмек көрсетілді, атап айтқанда бұл 300 улы және табиғи газ дабылдарын, түтін дабылдарын орнату, 70 өрт сөндіргішті тапсыру, 55 ағынды парақтарды орнату және үй маңындағы аумақты жинау.
Облыс бойынша барлығы 2 130 тұрғын үйді қамтылды.
Ақтөбе қаласында аталған жұмыспен негізінен пешпен жылытуды пайдаланатын халық тұратын бау-бақша ұжымдары, оның ішінде бір апта бұрын түтін мұржасының ақауы себебінен 2 бала улы газбен уланған АЗФ-9 бау-бақша ұжымы қамтылды.
Сондай-ақ, өрттің алдын алу бойынша бұл жұмыс мектепке дейінгі, оқу орындары мен ұйымдарда, оның ішінде online-режимде, жүргізілуде.
Акцияға ЖАО, волонтерлік және үкіметтік емес ұйымдар, МЕӨҚҚ, ерікті өртке қарсы құралымдар, электр және газ қызметтері, түтіндікті тазалаумен айналысатын мердігерлік ұйымдардың жалпы саны 110 өкілдері қатысты.
Атап өту қажет, өткізіліп жатқан іс-шаралар халықтың, оның ішінде көп балалы отбасылардың тұрғын үйлерінде, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған айтарлықтай көмек болып табылады.
Ақтөбе облысы ТЖД
Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы