Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Жамбыл облысындағы байкерлерге көмектесті

Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Жамбыл облысындағы байкерлерге көмектесті

2020 жылғы 11 қазанда Республикалық жедел-құтқару жасағының кезекші бөліміне Жамбыл ауданындағы Қарағалы ауылының маңында таулы жерде үш мотоциклшінің жоғалып кеткені туралы ақпарат келіп түсті. Туысының айтуынша, байкерлер бесеу болып кетіп, оның екеуі ғана оралған.

РЖҚЖ жедел тобы дереу іздестіру-құтқару жұмыстарына кірісті. РЖҚЖ құтқарушыларының достары қайда барғанын шамамен біліп, Қарақастек шатқалының 2600 метр аймағында зардап шеккендерді тауып алды, олар отқа жылынып жатқан екен. Ешкім медициналық көмекке мұқтаж емес. Үш достың мотоциклінде бензин таусылып, екеуі жанармай алуға кетті, бірақ әлі оралып үлгермеген. РЖҚЖ құтқарушыларының жедел тобы зардап шеккендерді туыстарына аман-есен жеткізді.

 

ҚР ТЖМ РЖҚЖ» ММ баспасөз қызметі