Азаматтық қорғау органдарының 25 жылдығы қарсаңында Көкшетау техникалық институтының 147 курсанты ант қабылдады

Азаматтық қорғау органдарының 25 жылдығы қарсаңында Көкшетау техникалық институтының 147 курсанты ант қабылдады

2020 жылғы 9 қазанда Көкшетау қаласының «Тәуелсіздік» алаңында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институты күндізгі оқу факультетінің бірінші курстың 147 курсантының ант беру салтанатты рәсімі өтті.

Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин, Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев, сондай-ақ ТЖМ бөлімшелерінің басшылары мен қызмет ардагерлері қатысты. Іс-шара азаматтық қорғау органдарының 25 жылдығына орайластырылған.

Өзінің құттықтау сөзінде Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин курсанттар өз өмірлерін адамдарды өрттен, төтенше жағдайлардан және табиғи апаттардан құтқару ісіне арнап, өмірбаянында жаңа бет ашқанын атап өтті. Ант бере отырып, әрбір курсант өзіне өз еліне және оның азаматтарына қызмет ету, игі іспен айналысу – қиыншылыққа тап болғандарға көмектесу, азаматтардың қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз ету үшін жоғары жауапкершілік жүктейді. Бұл асыл миссияны қоғам құрметтейді және ол ерекше сұранысқа ие.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Қазақстан жаңа жағдайда: іс-қимыл уақыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында Төтенше жағдайлар министрлігін қайта құру қажеттігін атап өтті, а.ж. 9 қыркүйекте тиісті Жарлыққа қол қойылды. Бұл республикадағы жалғыз бейінді оқу орны ретінде институтқа азаматтық қорғау органдары үшін білікті мамандар даярлау ісінде үлкен жауапкершілік жүктейді, өйткені жүйенің тиімді жұмысының басты шарттарының бірі қызметтер мен бөлімшелерді кадрлық нығайту, қызметкерлердің кәсібилігін арттыру болып табылады.

2020 жылы КТИ күндізгі оқу факультеті курсанттарының құрамына 189 талапкер қабылданды, олардың ішінен бүгін 147 курсант ант қабылдады. Ал Қазақстан Республикасы ТЖМ-нің 37 курсанты Ресей мен Беларусь Республикасының бейінді шетел жоғары оқу орындарына жіберілді, олар оқу орындарына жіберілгенге дейін ант қабылдады.

Институт құрылғаннан бері бірінші курс курсанттары 26-ы рет қабылданды, институт қабырғасынан 5 мыңнан астам маман шығарылды, олар күндіз де, түнде де азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, ең жауапты және күрделі учаскелерде қызмет атқарады.

Қалыптасу және даму жылдары институт кадрларды даярлаудың жеткілікті тиімді жүйесін құруға, оқу-материалдық базаны сақтауға және көбейтуге, педагогтар мен ғалымдар ұжымын қалыптастыруға, Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау жүйесі үшін мамандар даярлау ісінде белгілі бір табыстарға қол жеткізуге, еліміздің басқа жоғары оқу орындары арасында лайықты орын алуға қол жеткізді.

 

ҚР ТЖМ Баспасөз қызметі