«25 мың құтқарылған өмір» науқан аясында солтүстікқазақстандық құтқарушылары өз қандарын тапсырды

«25 мың құтқарылған өмір» науқан аясында солтүстікқазақстандық құтқарушылары өз қандарын тапсырды

Құтқарушыларға адам өміріне қанның маңыздылығы ерекше түсінікті. Бұл Қазақстан Республикасы ТЖ министрлігінің қызметкерлері күн сайын дерлік құтқаратын өмірдің символы.

Сондықтан, азаматтық қорғау органдарының құрылған күнін мерекелеу аясында Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаменті 18 қыркүйекте «25 мың құтқарылған өмір» атты донорлық қан тапсырудың республикалық акциясын іске қосты. СҚО ТЖ департаментінің қызметкерлері осындай маңызды істен тыс қалған жоқ.  8 қазанда Департамент Қазақстан Республикасы Қызыл Жарты Ай қоғамымен бірлесіп Петропал қ. осындай акция өткізді.

8 қазанда ҚР ТЖМ  аумақтық органының және құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мекемелерінің 30-дан астам қызметкерлері облыстық қан құю орталығына, қатты сырқатты немесе жарақаттанған адамдармен табиғаттың берген сыйымен бөлісу үшін барып қан тапсырды. Мүмкін ота жасауға дайындалып жатқандар, ТЖ құрбандары, ауру балалар: ауруханалар емдеушілері күтіп отырған болар!!!

«Тек ТЖ ғана емес, сонымен бірге ауруханада да адамдарды құтқаратынымыз қуанышты. Басқаша болмас, себебі бұл біздің міндетіміз!!!»,- деп осылайша, өзінің мекеме қабырғасына барғанын айтып, Петропавл қ.ТЖ  зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы басқармасының бастығы Дмитрий Растихин өз пікірімен бөлісті.

Бұл сөздер, әр донорды ОҚҚО табалдырығын аттаған донорларға алғысын білдірген, облыстың Қызыл Жарты Ай қоғамының төрағасы Сәуле Оразованың сөзсіз демеу алды. «Мен құтқарушыларымыздың әрқашан өмекке келетіндерін білемін, ал бүгінгі науқанның нәтижелері сенімімді  одан сайын бекітті. Адам өмірлерін құтқаруға жігіттердің қосқан үлкен үлестері үшін үлкен рахмет»,- деп осы маңызды іс-шараға ат салысқан СҚО ТЖД бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі Нұрлан Атығаевқа алғыс айтты.

Бұл күн, солтүстікқазақстандық құтқарушылар мен жақында олардан жүректеріне сый алатындардың есінде қалады. Жердегі өмір үшін!

 

Евгений Журавлев,

СҚО ТЖД

ішкі және сыртқы коммуникациялар

тобының бас  маманы