Антына адал, сертіне берік жас маман

Антына адал, сертіне берік жас маман

Азаматтық қорғау органдары 25 жылдығының құрдасы, 25 жасқа толып отырған, жас болса да өзін жақсы қырынан көрсете білген, белсенді, ең бастысы антына адал жас мамандардың бірі - Бексұлтан Миятұлы Ибадулла.Бексұлтан Миятұлы - адамдардың өмірі мен олардың материалдық құндылықтарын тілсіз жаудан араша етуді бала кезінен арман еткен  азаматтық қорғау аға лейтенанты.

Төлеби ауданы  Керегетас ауылында ұстаздар отбасында дүниеге келген ол жастайынан алғыр, өжет болып өседі. Керегетас жалпы орта  мектебінде оқып, орта білім аттестатын алғаннан кейін  Көкшетау техникалық институтына оқуға түседі.

Халықтың игілігі үшін қызмет етуді мақсат тұтқан Бексұлтан  алғашқы қызмет жолын 2017 жылы  Шымкент қаласы  №4 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженер  болып бастады. Қызметке алғаш қадам басқаннан-ақ ол өзінің өжеттілігін танытып, жақсы жағынан көрінді. Одан 2018 жылы Қызметтің өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің инженер лауазымына ауысады. Қазіргі таңда аға инженер қызметінде.  Бексұлтан Миятұлы 2019 жылғы 24 маусымда Арыс қаласында орын алған төтенше жағдай кезінде басқа да өрт сөндірші-құтқарушылармен бірге көмекке аттанды.  Оқиға орнында ең басты міндеті- адамдардың өмірін құтқару үшін қауіпсіз аймаққа көшіру жұмыстарын белсенді жүргізді. Анаға да, балаға да, қарт пен жасқа да өз көмегін аямай,   күн-түн демей, басқа да өрт сөндірушілермен бірге   қызмет етті. Өзінің  антына адал, қызметтік міндетін бұлжытпай орындағаны үшін Бексұлтан Миятұлы ҚР Президентінің Жарлығымен  «Ерлігі үшін» мемлекеттік медалімен марапатталды.

 

 Шымкент қ. ТЖД баспасөз қызметі