25 жыл – мінсіз қызмет!

25 жыл – мінсіз қызмет!

Көптеген мамандықтар бар, бірақ біреуінің атауында, оның мәні мен игіліктілігі көрсетілген – аталмыш жұмыс иелері қиын жағдайға тап болған адамдарды құтқарады. Бұл мамандық-құтқарушы. Биыл тек мереке ғана емес, 25 жылдық мерейтой.

Бұл мамандықты өз күшіне сенімді, батылдығы бар, жүрегінде мейірімі және адамға тән жақсы қасиеттері бар адамдар таңдайды. Қиындыққа тап болған адамдарды құтқару барлық уақытта әр адамгершілігі мол азаматқа лайықты ар-намыс ісі болған. Құтқарушы-бұл тек мамандық қана емес, ол-кәсіп. Немқұрайлы адам, өз өмірін өзге үшін құрбандыққа шала алмайды. Табиғи, техногендік апат немесе жазатайым оқиға болсын, төтенше жағдайда адамдарға көмекке құтқарушы келеді. Көмек көрсету, адам өмірін құтқару-жай ғана әдемі сөздер емес, бұл құтқарушылардың еңбегі, олардың қызметінің негізі.

Құтқарылған адам өмірі және олардың қарапайым алғыс сөздері бұл маман иелеріне шабыт береді. «Құтқарушы» және «Рахмет» сөздерінің мағынасы бір деп бекер айтылмаған.  

Жезқазған аймағының  құтқарушылары көптеген төтенше жағдайлар кезінде күш пен әрекет ету қабілетінің арқасында қиындықтарға төтеп бере алды. Құтқарушылар көптеген игі және маңызды істер жасады, әлі көп нәрсе істеу керек. Жезқазған қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері алда келе жатқан  Қазақстан Республикасының Құтқарушылар күні мерекесімен рухтандырылған. Біз, Жезқазған гарнизонының қызметкерлері Жезқазған қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бастығы азаматтық қорғау полковнигі Ләззат Төлеуғалиқызы Төлеуғалиеваның өз қызметіндегі кәсіби жетістіктерін атап өткіміз келеді.

Азаматтық қорғау полковнигі Л.Т. Төлеуғалиева азаматтық қорғау органдарында 1994 жылғы қарашадан бастап қызмет етеді. Үлкен кәсіби тәжірибесі, теориялық дайындығы ғана емес, сондай-ақ өңірде мемлекеттік өрт бақылауын жүзеге асыруға, жалпы азаматтық қорғау мәселелері кешенін шешуге және жетілдіруге бағытталған қызметтің барлық салаларында практикалық тәжірибесі бар.

Ол жақсы дамыған іскерлік қасиеттерге, ұйымдастырушылық қабілеттерге ие кәсіби сауатты көшбасшы. Кез келген штаттан тыс жағдайлар туындаған кезде уақытылы, сараланған шешімдер қабылдайды. Оның еңбек жолында жедел шешім қабылдау, апат, төтенше жағдай орнына шығу арқылы авариялық-құтқару жұмыстарына тікелей қатысу, маусымдық ТЖ, қиын ауа райы жағдайлары, жолдардағы күртік қар, (су тасқынына қарсы іс-шаралар, өрттер, судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу және т.б.) секілді апаттар алдын алынған. ТЖ салдарын жою бойынша іс-шаралардың тиімділігін арттыру, Республикалық маңызы бар Қызылорда-Жезқазған, Жезқазған-Арқалық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының учаскелерінде күштер мен құралдарды дамыту мақсатында Қарсақпай к. 10 авариялық-құтқару және кезек күттірмейтін жұмыстар жүргізілді. Өткізілген іс-шаралар қорытындысы бойынша 384 адам құтқарылды, оның ішінде 39 бала, 42 жеңіл, 16 Жүк-жолаушылар автобусы мен 3 жүк автокөлігіне көмек көрсетілді.

Су тасқынына қарсы іс-шаралар кезінде оның тікелей қатысуымен тасқын суларды апатсыз өткізу қамтамасыз етілді.

Ол ешқашан өзінің жеке уақытымен санаспайды, белсенді өмірлік ұстанымға ие, бұқаралық ақпарат құралдарында жиі сөйлейді. Мұның бәрі оның қаладағы және одан тыс жерлердегі беделіне ғана емес, жалпы азаматтық қорғау жүйесінің беделін арттырады. Оның атына бірнеше рет қарапайым азаматтардан алғыс сөздер айтылды. Оның тәлімгерлігімен оның бұрынғы оқушылары кәсіби салада үлкен көрсеткіштер мен нәтижелерге қол жеткізгенін атап өткен жөн.

Құтқарушылар-бұл ойланбастан адамдарды құтқару үшін өздерін құрбан етуге дайын таңғажайып адамдар. Бұл жұмысты тек ерекше мінезді, батыл, жауапты, адамгершілігі мол, жоғары дәрежелі мамандар ғана істей алады. Дәл осындай адамдар Жезқазған аймағының құтқару жүйесінде жұмыс істейді деп сеніммен айтуға болады.

Біз ТЖ қызметтерін құрудың бастауында тұрған адамдарды құрметтейміз. Олардың көпшілігі жоғары жауынгерлік наградалармен марапатталды.

Біз қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың алдында бас иеміз. Олар мәңгілік біздің есімізде!

  

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі