Қызметте 25 жыл

Қызметте 25 жыл

Азаматтық қорғау подполковнигі Николай Валерьевич Полищук 1978 жылы      5 маусымда Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында дүниеге келген. Азаматтық қорғау қызмет органдарында 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап қызмет атқарады.

1997 жылы ҚР Ішкі істер министрлігі Павлодар техникалық колледжінде өртке қарсы қорғаныс технигі мамандығын, сонымен қатар, 2012 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-техникалық университетінде құрылысшы мамандығын тәмәмдады.

Николай Валерьевич адами қасиеті жоғары, өзінен кейінгі жастарға жол көрсетіп, ұжымда беделге ие жан. Таңдаған кәсібін үлкен сүйеспеншілікпен, адал да, мінсіз атқаруда.

         Өртке қарсы қызмет жолында әр түрлі лауазымдарда болды. Айта кетсек, БҚО мамандандырылған өртке қарсы қызметтің 1-жасағының № 2 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы, № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің аға инженері (кезекші ауысымның басшысы), БҚО ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары лауазымдарын атқарған.

Бүгінгі күні БҚО ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ өрт сөндіру кезекші қызметі жедел кезекшісінің көмекшісі міндетін атқарады.

Азаматтық қорғау подполковнигі Николай Валерьевич Полищуктің 2020 жылғы есінде қалған өрт оқиғасы 14 шілде күні 9 сағат 27 минутта Теректі ауданына қарасты Шағатай және Ақсоғым ауылдары маңында құрғақ шөп пен бұталар өртенген өрт оқиғасы болды. Желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетіп, қатты желдің салдарынан өрт Жайық өзенінен асып Коловертное ауылының шетіне дейін тарады. Оған дейін аталған ауыл маңында 13-нен 14-шілдеге қараған түні шамамен 5 гектар жерде шөп өртенген болатын. Өрт салдарынан  бір тұрғын үй, бір бос тұрған үй және 4 шаруашылық құрылысы өртке оранды. Адам шығыны мен зардап шеккендер жоқ. Өрт басқан аумақтан 42 адам, 15 ірі қара, 25 ұсақ мүйізді мал мен 30 бас құс эвакуацияланды.

Николай Валерьевич адамдарды эвакуциялауға қатысып, өрт оқиғасына белсене қатысқан болатын.

Николай Валерьевич қоғамдық-мәдени іс-шараларға белсене араласып, салауатты өмір салтын ұстанады. Отбасында 2 ұл 1 қыз бала тәрбиелеп отырған үлгілі әке, адал жар.

Қызметте қосқан үлесі үшін «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» III, ІІ, І дәрежелі медальдармен марапатталды.

 

БҚО ТЖД баспасөз қызметі