Ақмола облысы ТЖД-да спортшы және чемпион әйел жұмыс істейді

Ақмола облысы ТЖД-да спортшы және чемпион әйел жұмыс істейді

Анастасия Астафьева - Степногорск қаласы ТЖБ инженері, азаматтық қорғау лейтенанты. Ол бала кезінен спортпен шұғылданады. 4 жасынан бастап көркем гимнастикамен және туристік көпсайыспен айналысқан. Шаңғы жарысы бойынша спорт шеберіне кандидат, тау туризмі техникасы бойынша шеберге кандидат, сондай-ақ Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі және өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шебері болып табылады.

Настя шабуыл сатысымен көтерілуден Қазақстанның 5 дүркін чемпионы және қазіргі рекордшы. 2019 жылы Нұр-Сұлтан қаласында өткен Қазақстан Республикасының қысқы чемпионатында шабуыл сатысымен көтерілуден ұлттық рекорд орнатты-7,44 сек.

Мен бұл спортқа алғаш рет 2014 жылы келіп, Талдықорған қаласына Қазақстан чемпионатына бардым. Маған бұл спорт түрі қатты әсер еткені және ұнағаны соншалық, мен осы техникалық ерекшеліктердің барлығын үйреніп, меңгергім келді. Маған жауынгерлік өрістету түрі қатты ұнады. Ол соншалықты керемет. Мен осы спорт түрімен айналысқым келді. 2015 жылы мен Ақмола облысы ТЖД Өрт сөндіру қызметіне радиотелефоншы болып орналастым және кәсіби түрде айналыса бастадым, - деді Анастасия Астафьева.

Өзінің есте қаларлық чемпионаты туралы сұраққа Настя 2016 жылы алғаш рет Қазақстан чемпионы атанғанда оның ең маңызды естелігі және өткен жылы Қазақстан құрамасы сапында жауынгерлік қанат жаю бойынша әлем чемпионатында 2-орын алған кезіміз жарқын әсер қалдырды деп жауап берді.

 

Ақмола облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ

Ішкі және сыртқы коммуникациялар тобы