
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін медициналық және психологиялық оңалтудың қағидаларын бекітіп, әділет органдарында тіркеді (Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 15 қыркүйектегі № 396 бұйрығы, нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36856 болып тіркелді).
Бұл бұйрық аумақтық органдар мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлерін, әскери қызметшілерін және жұмысшыларын санаторий-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге бағытталған.
Қағидаларда санаторий-курорттық ем алуға медициналық көрсеткіштер, бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес қызметті сатып алудың жаңа тетігі және жолдама беру тәртібі бекітілген.