Адасқан інісін іздеп, тапқан құтқарушыларға алғыс айтты

Адасқан інісін іздеп, тапқан  құтқарушыларға  алғыс айтты

2020 жылғы 7 қазанда сағат 02.10 шамасында Дағдарыс жағдайындағы басқару басқармасына Жалағаш ауданы Қаракеткен елді мекенінде 6 қазанда сағат 14.00-де малды іздеуге шығып, оралмаған 2002 жылғы азамат адасып, жоғалып кетті деген хабар түскен.

Хабар түсісімен Төтенше жағдайлар департаментінің Жедел құтқару жасағының 8 құтқарушысы 1 автотехникасымен және 2 кинологиялық есебімен оқиға орнына шығып, Қаракеткен елді мекенінен 22 шақырым қашықтықта орналасқан «Құлжан» фазендасына жетті.

Одан соң олар Өтегенов Бағдәулетті жедел іздестіріп,  нәтижесінде жас жігітті  тапты. Оқиға кезінде анықталғандай, ол мал іздеуге шығып, жолдан белгісіз бағытқа қарай кетіп, адасып қалған екен. Осы оқиғаға байланысты Бағдәулеттің ағасы інісін дер кезінде іздеп, аман-есен тапқан құтқарушылар мен кинологтарға Бағдәулеттің ағасы алғыс  айтты.

 

Қызылорда облысы ТЖД

баспасөз қызметі