Қарағанды облысы ТЖД-де брифинг өтті

Қарағанды облысы ТЖД-де брифинг өтті

2020 жылғы 8 қазанда Қарағанды облысының ТЖ департаментінде жылыту кезеңіндегі өрт қауіпсіздігі шаралары туралы және 7 қазанда Қарағанды қаласы, Ермеков көшесі, 52 үй мекенжайы бойынша болған өрт бойынша брифинг өткізілді.

Спикерлер ретінде ТЖД Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау  басқармасының бастығы Андрей Моисеев, Қарағанды қаласы ТЖ басқармасының бастығы Нұрлан Бекбосынов, Қарағанды қ. Қазыбек би атындағы ауданның әкімі Нұрлан Рыстин, «Теплотранзит» ЖШС директорының техникалық орынбасары Иван Выткин.

2020 жылғы 7 қазанда сағат 15:08-де Қарағанды қаласы, Ермеков көшесі, 52 үй мекенжайы бойынша 9 қабаттағы пәтердің өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Өтініш берушінің айтуынша пәтердің терезесінен жалындаған от пен қалың қара түтін шығып жатқан. Мұның бәрі сол кездің өзінде өрттің қарқынды дамығандығын көрсетеді. Бұған растау ретінде өткен және өтіп бара жатқан азаматтардан «101» желісіне түскен кейінгі қоңырауларды айтуға болады.

Көрсетілген мекенжай бойынша өрт сөндіру бөлімшелері келгеннен кейін іс-қимылдарды жүргізудің негізгі бағыты баспалдақ марштары бойынша тұрғын үйдің пәтерлерінен адамдарды іздеу және құтқару болып таңдалды. Осының арқасында жоғарғы қабаттарға оралған тығыз түтіннен 6 адамды, оның ішінде 4 баланы құтқаруға және 18 адамды, оның ішінде 6 баланы эвакуациялауға мүмкіндік туды. Адамдарды эвакуациялау және құтқару үшін құтқару қалпақтары қолданылды. Өртте іс-қимыл жүргізудің екінші бағыты өрт автосатыны орналастыру және үйдің қарама-қарсы жағынан су оқпандарын беру болды.

Өкінішке орай, өрт туралы уақтылы хабарламау салдарынан ол қарқынды дамуға қол жеткізді, пәтердің үш тұрғыны қайтыс болды: 1942 және 1985 ж.ж екі әйел және жаңа туған бала.

Өртті сөндіруге Қарағанды облысы ТЖД күштері мен құралдары 5 негізгі бірлік, 5 арнайы техника, жеке құрамнан 37 адам жұмылдырылды.

Жану 50 шаршы метр аумақта, екі бөлмелі пәтерде болды.

Өрттің себебі - пәтер залында орналасқан жылытқыштың қыздырылған бетінің жылу әсері.

Өрт сөндіру есептоптарының үйлесімді және кәсіби іс-қимылдарының нәтижесінде өрттің көрші пәтерлерге таралуын болдырмауға және одан да көп адам өліміне жол бермеуге мүмкіндік туды. Көрсеткіштің белгісі - үйдің құтқарылған және эвакуацияланған тұрғындары.

Жыл басынан бері Қарағанды облысының аумағында 967 өрт болды. Өрттің басым бөлігі тұрғын үй секторында болды -571 өрт. Екінші орында көлік құралдарындағы өрт-214 өрт.

Өрттің негізгі себептері:

- отты абайсыз қолдану-397 өрт немесе жалпы санынан 41,1%,

- электр жабдықтарын монтаждау және техникалық пайдалану ережелерін бұзу себебінен болған өрттер барлық өрттердің 32,7% - ын құрады - 316 өрт;

- пештерді орнату және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу - 119 өрт немесе 12,3%;

- өртеу 3,5% - 34 өртті құрады;

- тұрмыстық электр құралдарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу - 2,1% немесе 20 өрт.

Өрттің алдын алу мақсатында ТЖ департаменті ағымдағы жылы 155 000 адамды қамти отырып, 57 000-нан астам тұрғын үй секторын аралап, халықпен 511 жиын өткізді, 233 000 үгіт-насихат материалдары әзірленді және таратылды.

Улы газбен улану салдарынан адамдардың қаза болуы мен жарақаттануына жол бермеу мақсатында жергілікті атқарушы органдармен және үкіметтік емес ұйымдармен үйлері пешпен жылытылатын әлеуметтік қатер тобындағы адамдарға атаулы практикалық көмек көрсету бойынша жұмыс жүргізілді. 2020 жылдың тамыз айынан бастап көп балалы, аз қамтылған отбасылардың үйлерінде 146 автономды датчиктер орнатылды.

2018 жылдан бастап облыста барлығы 2184 датчик орнатылған.

Төтенше жағдайларға, адамдардың қаза болуына және жарақаттануына жол бермеу мақсатында өрттің алдын алу үшін өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажет:

- электр сымдарының, ажыратқыштар мен розеткалардың жарамдылығын бақылау;

- электр аспаптарын, плиталарды жарамды күйде, жанбайтын тұғырларда, перделерден, жиһаздардан және жанғыш материалдардан алыс ұстауға;

- бір желіге бірнеше электр аспаптарының қосылуына жол бермеу, бұл электр желісінің артық жүктелуіне әкеледі;

- қолдан жасалған электр қыздырғыш аспаптарды пайдаланбауға;

- жылыту маусымы басталар алдында пештерді жөндеңіз, мұржаларды айына кемінде бір рет тазалау қажет;

- пешті тез тұтанатын сұйықтықтармен жағуға жол бермеу;

- пеш оттығын үйден шыққанға дейін кемінде 2 сағат бұрын тоқтатыңыз.

 

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі