
1 қазан - ақылды адамдардың мерекесі ғана емес, сонымен қатар олардың қауіпсіздігі туралы ойлануға себеп. Өйткені, қарт адамдар әртүрлі төтенше оқиға мен жағдайларға өте осал…
Осындай маңызды күн қарсаңында СҚО ТЖ Департаменті тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі айлығының екінші кезеңі шеңберінде білім және ғылым қызметкерлерінің Қазақстандық салалық кәсіптік одағының Солтүстік Қазақстан облыстық ұйымымен бірлесіп жалғыз тұратын зейнеткерлердің үйлеріне автономды өрт түтін хабарлағыштарын орнату бойынша акция өткізді.
Әдетте, өмірлік цикл кезінде егде жастағы адамдарда есту, көру қабілеті төмендейді, иіс пен қозғалғыштық нашарлайды, вестибулярлық аппаратта проблемалар туындайды. Қарт адам өрт кезінде түтіннің иісін сезуі екіталай және қауіпті білдіретін көршілердің айқайын естімеуі мүмкін. Петропавл қаласы ТЖ басқармасының бастамасы өз қатарында 8.000-нан астам мүшесі бар СҚО ірі кәсіподақ ұйымдарының бірі тарапынан түсіністік пен қолдау тапты. 30 қыркүйекте салалық кәсіптік одақ өкілдерінің бірлескен «бригадасы» ТЖ басқармасының офицерлерімен бірге Жұмысшы кенті, Қопай, Былғары зауыты шағын аудандарында тұратын Петропавл зейнеткерлерінің 6 үйіне барды.
Қамқорлық пен назар - осы екі сөзбен осындай маңызды акцияның мақсатын сипаттауға болады. Жалғыз тұратын зейнеткерлерге сыйлықтар табыс етілді, бірлескен жұмыс жылдары, ардагерлердің күнделікті қажеттіліктері туралы шынайы әңгіме болды. Құрылғыларды орнату олар үшін жағымды тосын сый болды, шын мәнінде, сөзбен емес, іс жүзінде мемлекеттің және кәсіподақ ұйымының егде адамдардың қауіпсіздігі туралы қамқорлығын көрсетті.
«Біз үшін ардагерлеріміз – «алтын актив», біз күш-жігеріміз бен мүмкіндіктерімізге қарай қиын уақытта оларға көмектесуге тырысамыз. Тиісті қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін шешуде СҚО ТЖ департаментінің мамандарымен жемісті ынтымақтасамыз. Адамдардың өмірінен қымбат ештеңе жоқ!»,- деп атап өтті акция аяқталған соң БжҒҚКО обкомының ұйымдастыру-бұқаралық жұмыс жөніндегі бас маманы Жандос Базарбаев.
Құрылғыларды орнатудан басқа тұрғындармен жылыту пештерін, газ плиталарын, электр жабдықтарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау қажеттілігі туралы жадынамалар таратылып, түсіндіру сұхбаты өткізілді. Сондай-ақ, оларға өрт туындаған жағдайда әрекет ету тәртібі түсіндірілді», - деп рейд қорытындысына Петропавл қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы Департаментің азаматтық қорғау майоры Әсет Шайкин түсінік берді. Ол тұрғын үйлер мен пәтерлерде автономды өрт түтін хабарлағыштарын орнатудың маңыздылығына назар аударды, олар өрт дамуының ерте кезеңінде тұрғындарды болған жану туралы алдын ала хабардар етеді, бұл жану көзін жедел жоюға және өртке қарсы қызметке уақтылы хабарлауға мүмкіндік береді. Өрт ошағын ерте анықтау өрт апаттарынан иелердің мүлкін, бірінші кезекте адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға ықпал етеді.
Айта кету керек, 2019 жылы халықтың осал топтарына жататын солтүстікқазақстандықтардың тұрғын үйлерінде 538 улы газ және түтін құрылғылары орнатылды. Ағымдағы жылы, 1 қазандағы жағдай бойынша, аталған аспаптар 249 орнатылған. Олар адамдардың өмірін шынымен құтқарған жағдайлар болды. Осындай қажетті құрылғылардың иелері санының өсуімен өрт пен адам өлімінің ықтималдығы төмендейді.
Ал бұл - ең бастысы!
Дмитрий Растихин
СҚО ТЖД зілзалалардың қауіп-қатерін
азайту және азаматтық қорғау саласындағы
бақылау басқармасының бастығы,
азаматтық қорғау полковнигі