Ақмола облысында «Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі күні» акциясы өткізілді

Ақмола облысында «Тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі күні»  акциясы өткізілді

2020 жылғы 3 қазанда өрттердің алдын алу, сондай-ақ олардан болатын жағымсыз факторлардың алдын алу, облыс тұрғындарының тұрғын үйлеріндегі залалды азайту мақсатында Ақмола облысы ТЖ Департаменті «тұрғын үй секторындағы өрт қауіпсіздігі күні» акциясын ұйымдастырды және өткізді.

Акция шеңберінде Департамент, оның аумақтық және ведомстволық бағынысты мекемелерінің қызметкерлері аулаларды аралау, мекенжайлық әсер ету жолымен халықпен кеңінен үгіт-насихат және алдын алу жұмыстарын жүргізді.

Аулаларды аралау кезінде халықтың әлеуметтік осал топтарына ерекше назар аударылды, онда мемлекеттік өрт бақылау инспекторлары міндетті түрде аталған санаттағы азаматтармен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ, алдын алу іс-шараларына ерікті негізде волонтерлік ұйымдар, өрт қауіпсіздігі саласында қызмет көрсететін аудиторлық ұйымдар, мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтер, жергілікті атқарушы органдар, жергілікті полиция қызметі, әлеуметтік қорғау мекемелері және жастар қоғамдық бірлестіктері қатысты.

Үй иелерінің келісімі бойынша жылыту жүйесінің жай-күйі тексерілді, нұсқаулықтар және пештерді және басқа да жылыту аспаптарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігінің негізгі талаптары бойынша жадынамалар мен нұсқаулықтар таратылды.

Акция күні Ақмола облысының аумағында 16499 аула аралау жүргізілді, 41682 азаматқа нұсқау берілді, үгіт-түсіндіру жұмыстарына 1124 адам тартылды. Оның ішінде Департаменттің 684 қызметкері, жергілікті атқарушы органдардың 74 қызметкері, жергілікті полиция қызметінің 80 қызметкері, әлеуметтік қорғау мекемелерінің 49 қызметкері, мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің 52 қызметкері, 162 волонтер және өрт қауіпсіздігі саласындағы аудиторлық ұйымдардың 3 қызметкері. Акция күні ішінде барлығы 16499 аула аралау өткізілді, 41682 азаматқа нұсқау берілді.

Аралау кезінде 1508 өрт қауіпсіздігі нормалары мен ережелерін бұзу анықталды, оның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлерінде 384.

Департаменттің бастамасы бойынша өрт қауіпсіздігі саласындағы жергілікті атқарушы органдармен және аудиторлық ұйымдармен бірлесіп, көп балалы отбасылардың үйлерінде 102 улы газды анықтау датчигі орнатылды, сондай-ақ 273 түтіндік тазартылды.

Ағымдағы жылдың жылыту кезеңі қарсаңында барлығы 715 улы газды анықтау датчигі орнатылды, жыл соңына дейін тағы 857 датчик орнату жоспарлануда.

Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.

 

Ақмола облысы ТЖД