
Алматы қаласының маңында 45 мореналық көлдер орналасқан, оның 15-сі аса қауіпті болып саналады, биылғы жылы олардың Кіші және Үлкен Алматы, Қарғалы және Ақсай өзендерінің бас жағында орналасқан 7-і аса қауіп төндірді.
2020 жылғы сел қаупі кезеңінде (15 маусымнан бастап 20 қыркүйекке дейін) жоғарыда аталған 7 мореналық көлдерді судан босату бойынша жыл сайынғы алдын алу іс-шаралары жүргізілді.
Осы аралықта Қазселденқорғау күштерімен мореналық көлдерден 5 млн текше метрден астам су ағызылды, яғни алғашқыдағы жалпы көлемі 1,1 млн. текше метрді құрайтын су көлемінен 5 есеге көп. Атап өту қажет, мұздықтардың еруінен көлдер күнделікті суға толып тұрды, егерде бұл құбылыстар болмаған жағдайда көлдерді осы күнге дейін 5 рет судан босатуға болатын еді.
Сорғылар мен қосымша орнатылған сифонды құбырлардың, сондай-ақ қолдан қазылған су ағызу каналдарының көмегімен көлдердегі судың деңгейі қауіпсіз белгіге дейін төмендетілді, яғни 1-7 метрге дейін түсіп, қалада сел құбылысының болмауына септігін тигізді.
2015 жыл мен былтырғы жылы сел құбылысы орын алған Қарғалы өзенінің бассейніндегі №1 көлде суды өздігінен ағызып жіберуге арналған канал салынды, нәтижесінде аталған көл транзиттіге көлге айналып, Наурызбай ауданының тұрғындары үшін сел қаупі сейілді.
Алдын алу жұмыстарына шамамен 60 адам мен 9 бірлік арнайы техникалар қатысып, аэровизуалды бақылаулар мен қол жетпейтін жерлерге жабдықтарды жеткізу үшін ҚР ТЖМ авиациясы қолданылды.
Қазіргі таңда мұздықтардың еруі тоқтап, мореналық көлдер қысқы режимге ауысуда, сел қаупі жоқ.
Бұдан бөлек, қала тұрғындары мен инфрақұрылымдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджет есебінен «Аюсай» және «Ақсай» шатқалдарында екі селге тосқауыл бөгетінің құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірленді, бүгінгі күні құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүзеге асыру үшін құрылыс жобалары ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ-ге берілді. Бөгеттердің құрылысы 2021-2023 жылдарға жоспарланған.
Алматы қ. ТЖД баспасөз қызметі