Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында өткен өлеңдер байқауының қорытындысы шығарылды

Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің арасында өткен өлеңдер байқауының қорытындысы шығарылды

Азаматтық қорғау органдарының 25 жылдығы қарсаңында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерінің қызметіне арнаған авторлық өлеңдер конкурсы өткізілді.


Конкурстың мақсаты азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің шығармашылық жағынан өзін-өзі көрсетуіне және жеке дамуына жәрдемдесу, ана тіліне және кәсіби қызметіне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, әдеби және мәдени дәстүрлерді дамыту, азаматтық қорғау органдарының қызметін насихаттау және танымал ету болып табылады.

Конкурс 2020 жылғы 1 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында өткізілді, оған азаматтық қорғау органдарының 39 қызметкері қатысты. Қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша Түркістан облысы ТЖД Төлеби ауданы Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Тоғаев Абзалдың «Құтқарушылар» өлеңі үздік деп танылды. Екінші орынды «Қаһармандар бар арамызда» өлеңімен Маңғыстау облысы ТЖД күштер мен құралдарды жедел басқару орталығының аға байланыс шебері Е.Солтанмұратов және «Өртке қарсы қызмет»  өлеңімен Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД ӨСжАҚЖҚ жедел басқару орталығының диспетчері А. Мадиева үшінші орынға ие болды.

Байқаудың қазылар алқасы жұмыстардың орындалу сапасын, көркемдігін және авторлық өлеңдердің поэтикалық нормаларының сақталуын, сондай-ақ бейнероликтердің оқылу мәнерлілігі мен шығармашылық тәсілін бағалады.

                                       ҚР ТЖМ баспасөз қызметі