
Ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінде Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті 2021 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындығын бағалау мақсатында Абай және Бұқар жырау аудандарын ұшып шықты.
Ұшу барысында Ғ.Мұстафин атындағы, Чкалов және Садовое, Құлайғыр, Сарепта, Самарқа, Кызылжар, Огороды және Пруды ауылдарындағы қорғаныс біліктері мен дамбаларының жай-күйіне аэровизуалды тексеру жүргізілді. Нұра, Шерубай-Нұра және Ынтымақ су қоймаларының гидротехникалық құрылыстарын, сондай-ақ Нұра және Шерубай-Нұра өзендері арналарының жай-күйі тексерілді.
Топар өзенін қалпына келтіру және Топар бөгетін қайта құру жұмыстарының барысы қаралды.
Жалпы ағымдағы жылы 27 елді мекен аумағында (Қарағанды қ., Теміртау қ., Жаңаарқа, Абай, Осакаров, Шет, Қарқаралы, Ұлытау аудандарында) 8,775 км қорғау бөгеттері мен валдары нығайтылды және 9,155 км салынды. Сондай-ақ, 4,5 км өзен арналарының су тасқыны қаупі бар учаскелерін санациялау, 6,1 км су бұру арналарын салу және жөндеу жүргізілді, 6,1 км дренаж және су бұру жүйелері тазартылды.
2021 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары белсенді жүргізілуде және тұрақты бақылауда.
Қарағанды облысының ТЖД