Қарағанды облысының ТЖД халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсетуде

Қарағанды облысының ТЖД халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсетуде

Қарағанды облысының ТЖ департаменті жылыту маусымы қарсаңында халықпен ауқымды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуде.

Аулаларды аралау жүргізіліп, азаматтарға жылыту жүйелерін ұзақ пайдалануға дайындау қажеттілігі туралы еске салынуда.

23 қыркүйекте ТЖД қызметкерлері көп балалы отбасына пештің түтіндігін жиналған күйеден тазартуға көмек көрсетті. Улы газ датчигі орнатылып, пештің алдында шоқтан қорғау үшін қаңылтыр парағы шегеленді. Сондай-ақ, пеш жүйесі тексерілді. Пешті қауіпсіз пайдалану бойынша ұсыныстар берілді.

15 тамыз бен 15 қыркүйек аралығында Қарағанды облысында алдағы жылыту кезеңіндегі қауіпсіздік шараларын халыққа түсіндіруге бағытталған "өрт қауіпсіздігі айлығы" өтті.

Профилактикалық акция аясында халықтың әлеуметтік осал топтарының 7300-ден астам үйін аралау жүргізілді.

Үкіметтік емес ұйымдармен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жеке тұрғын үйлерде өрт хабарлағыштарын, улы газ датчиктерін орнату бойынша жұмыстар жүргізілді. 139 датчик орнатылды.

2018 жылдан бастап халықтың әлеуметтік осал топтарының үйлерінде 2000-нан астам датчиктер орнатылды.

Жүргізілген профилактикалық жұмыстар өзінің оң нәтижелерін беруде.

2020 жылдың басынан бері облыс аумағында 980 өрт болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 16%-ға аз (1179). Ағымдағы жылы өрттерде 18 адам қаза тапты ал өткен жылы 20 адам, оның ішінде 1 бала. Сондай-ақ өртте жарақат алғандар саны азайды. Осы жылдың басынан бері 16 адам жарақат алды, ал 2019 жылы осы кезеңде 19 адам тіркелген болатын.

 

Қарағанды облысы ТЖД

баспасөз қызметі