
Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, дүлей зілзалалар кезінде көптеген адамдар зардап шегеді және бұл ретте медициналық көмек көрсету мәселелері өзекті болады.
Төтенше жағдайлар кезінде дәрігердің жұмысы, оның алдына қойылған міндеттерді шешудің арнайы шарттары оның біліміне және зардап шеккендердің ең көп санына жедел медициналық көмек көрсете алуына ерекше талаптар қояды. Апаттар медицинасы орталығының медицина қызметкерлері республика аумағында және одан тыс жерлерде орын алған барлық ауқымды ТЖ медициналық-санитариялық қамтамасыз етуге белсенді қатысады, бұл Комитеттің web-сайтында және «Пожарный и спасатель Казахстана» журналының беттерінде бірнеше рет жарияланған.
Апаттар медицинасы орталығының бөлімшелері бүкіл жұмыс істеу кезеңінде медициналық-санитариялық салдарларды жоюға, сондай-ақ республика бойынша РКШО дайындау және өткізу бойынша жыл сайын қатысады (Қазспас, Теңіз, Жер, Көктем және т.б.). Медицина қызметкерлерін даярлауға ерекше көңіл бөлінеді, шұғыл әрекет ету бригадалары қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға жыл сайын қаржы бөлінеді.
2020 жылдың 9 айында дипломнан кейінгі дайындау институттарының базаларында 14 дәрігер мен 11 орта медициналық қызметкер оқытылды. Бұдан басқа, жыл сайын алғашқы көмек көрсету бойынша қызметкерлердің өздерін даярлау жоспары жасалады және мынадай міндеттерді шешуді көздейді: зардап шеккендерді құтқару, зардап шеккендерді сұрыптау, көмек көрсету кезектілігін белгілеу, медициналық көмек, зардап шеккендерді эвакуациялау.
Бейбіт уақытта да зардап шеккендерге көмектің үлкен көлемі дәрігерге дейінгі медициналық көмекті дереу көрсетуді талап етеді, өйткені көп жағдайда оқиға орнындағы алғашқы көмек өзара-өзіне көмек көрсету тәртібімен көрсетілуі тиіс. Осыған байланысты апаттар медицинасы орталығы филиалдарының медицина қызметкерлері Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелері қызметкерлерінің арасында дәрістер мен практикалық сабақтар түрінде санитариялық-ағарту жұмысын жүргізеді. 2020 жылдың жарты жылдығында олар 4851 қызметкерлергедәріс оқып, алғашқы көмек көрсету дағдыларын көрсете отырып практикалық сабақтар өткізді. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.
ҚР ТЖМ «Апаттар медицинасы орталығы» ММ