Еліміздің 11 өңірінде дабылды құбылыстар күтілуде

Еліміздің 11 өңірінде дабылды құбылыстар күтілуде

«Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша еліміздің 11 өңірінде дабылды құбылыстар күтілуде.

23 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында желдің күшеюі секундына 15-20 метр күтілуде.

23 қыркүйекте Ақмола облысында кей жерлерде қатты жаңбыр, тұман, желдің күшеюі секундына 15-20 метр екпіні секундына 28 метрге дейін күтілуде.

23 қыркүйекте Ақтөбе облысында желдің күшеюі секундына 15-20 метр екпіні секундына 23 метрге дейін күтілуде.

23 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде желдің күшеюі секундына 15-20 метр екпіні секундына 25 метрге дейін күтілуде.

23 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысында желдің күшеюі секундына 15-20 метр, кей жерлерде тұман күтілуде.

23 қыркүйекте Қарағанды облысында кей жерлерде тұман, желдің күшеюі секундына 15-20 метр екпіні секундына 25 метрге дейін, түнде кей жерлерде жердің бетінде 1-3 градус үсік күтілуде.

23 қыркүйекте Қостанай облысында кей жерлерде тұман, найзағай, дауыл, бұршақ, желдің күшеюі секундына 15-20 метр екпіні секундына 25 метрге дейін күтілуде.

23 қыркүйекте Қызылорда облысында желдің күшеюі секундына 15-20 метр. Өрт қаупі өте жоғары.

23 қыркүйекте Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман күтілуде.

23 қыркүйекте Павлодар облысында кей жерлерде қатты жаңбыр, желдің күшеюі секундына 15-20 метр екпіні секундына 28 метрге дейін күтілуде.

23 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, дауыл, бұршақ, тұман, желдің күшеюі секундына 15-20 метр екпіні секундына 28 метрге дейін күтілуде.

Төтенше жағдайлар министрліті азаматтарды ауа-райының өзгерістерін бақылауға шақырады. Дауылды ескерту туралы хабарламаларды тыңдап, қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар.

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыздар.

 

Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрлігі