
«ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық станциялар желісі 2020 жылғы 20 қыркүйекте Алматы уақытымен сағат 01.14-те жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің эпиорталығы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 222 шақырым, Талдықорған қаласына жақын жерде (Талдықорған қаласынан 10 шақырым) орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық санаты 7.7.
MPV магнитудасы 3.2.
Эпиорталықтың координаттары 44.90° с. е. 78.38° ш. б.
Тереңдігі 10 шақырым.
Сезілу туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): Талдықорғанда 2-3 балл.
Алматы облысының ТЖ департаменті жергілікті атқарушы органдарды, Полиция департаментін, Қазселденқорғау, Прокуратура және басқа да ұйымдарды сеніп тапсырылған аумақтардағы жағдайды нақтылау үшін хабардар етті, жағдай нақтыланды. Қираулар мен қаза болғандар туралы хабарламалар түскен жоқ.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі