Еліміздің 9 өңірінде дабылды құбылыстар күтілуде.

Еліміздің 9 өңірінде дабылды құбылыстар күтілуде.

«Қазгидромет» РМК мәліметтері бойынша еліміздің 9 өңірінде дабылды құбылыстар күтілуде.

19 қыркүйекте Ақтөбе облысында желдің күшеюі секундына 15-20 метр күтілуде.

19-20 қыркүйекте Алматы облысында түнде кей жерлерде жердің бетінде 1-3 градус үсік күтілуде.

19 қыркүйекте Атырау облысында кей жерлерде қатты жаңбыр, найзағай, желдің күшеюі секундына 15-20 метр күтілуде.

19 қыркүйекте Жамбыл облысында кей жерлерде найзағай, тұман, желдің күшеюі секундына 15-20 метр, түнде кей жерлерде жердің бетінде 1-3 градус үсік күтілуде.

19 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысында желдің күшеюі секундына 15-20 метр, кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ, күндіз қатты жаңбыр күтілуде.

19 қыркүйекте Қызылорда облысында желдің күшеюі секундына 15-20 метр. Күндіз өрт қаупі өте жоғары.

19 қыркүйекте Маңғыстау облысында кей жерлерде найзағай, шаңды дауыл, желдің күшеюі секундына 15-20 метр, күндіз желдің екпіні секундына 23 метр күтілуде

19 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында тұман, желдің күшеюі секундына 15-20 метр күтілуде.

19 қыркүйекте Түркістан облысында желдің күшеюі секундына 15-20 метр күтілуде.

Төтенше жағдайлар министрліті азаматтарды ауа-райының өзгерістерін бақылауға шақырады. Дауылды ескерту туралы хабарламаларды тыңдап, қажетті сақтық шараларын сақтаңыздар.

Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыздар.

 

Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрлігі