
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптамалық кеңестерде жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін білдіруге жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін және өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді жүргізуге өтініштер мен құжаттарды қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктері мен өзге де коммерциялық емес ұйымдарды аккредиттеуді жүргізу тәртібі, аккредиттеудің күшін жою негіздері мен тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 30 қарашадағы № 799 қаулысымен бекітілген Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуді жүргізу қағидаларында (бұдан әрі - Қағидалар) айқындалған.
Аккредиттеу алу үшiн өтiнiш берушi министрлікке мынадай құжаттарды:
1) Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiшті;
2) салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, құрылтай құжаттарының және заңды тұлғаның, филиалдың (өкілдіктердің) мемлекеттiк тiркелгенін (қайта тіркелгенін) растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшiрмелерiн;
3) бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерін көрсете отырып, бірлестік және/немесе ұйым мүшелерінің тізімін ұсынады.
Министрлікте қатарынан екі реттен көп аккредиттелген бірлестіктер мен ұйымдар аккредиттеу туралы куәлікті мерзімсіз негізде алады.
Мерзімсіз негізде аккредиттеу туралы куәлік алу үшін өтініш беруші өзі жүгінетін мемлекеттік органға аккредиттеу туралы куәліктің үш көшірмесін де ұсынады.
Министрлікте аккредиттеуге үміткер бірлестіктер мен ұйымдар хабарландыру жарияланған күнінен бастап он жұмыс күн ішінде Қағидалардың 6-тармағында көзделген құжаттар пакетін келесі мекен-жай бойынша ұсына алады:
Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8 подъезд 2, каб. 705/1.
анықтама үшін телефон: 8-7172-60-21-25.