МЧС

Меню

Страницы

Статья

Бұйрықтар жобаларын орналастыру туралы хабарландыру

Кадр саясаты департаменті М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау Академиясымен бірлесіп. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрінің «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Арнаулы оқу орнында әскери қызметшіні оқытуға жұмсалған ақшаны мемлекетке өтеу қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – Өтеу қағидалары) және «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Арнаулы оқу орнының түлектерін бөлу қағидаларын бекіту туралы» (бұдан әрі – Бөлу қағидалар) бұйрықтарының жобаларын әзірледі.

Өтеу қағидалары бұйрығының жобасы «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабының 10-тармағына сәйкес әзірленді және әскери қызметшіні Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің арнаулы оқу орнында оқытуға жұмсалған ақшаны мемлекетке өтеу қағидаларын бекіту көзделген.

Бөлу қағидалары бұйрығының жобасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 172) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі арнаулы оқу орнының түлектерін бөлу қағидаларын бекітуді көздейді.  

Осы бұйрықтың жобаларын іске асыру республикалық және жергілікті бюджеттен қаржылық шығындарды талап етпейді.  

Бұйрықтардың жобалары талқылау үшін Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылды және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамадан өткізу үшін М.С. Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ-ға, сондай-ақ келісім алу үшін Азаматтық қорғау органдары қызметінің мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңеске жіберілді.

 

Дата публикации
16 марта 2022
Дата обновления
29 марта 2022
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

21 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
Жедел ақпарат
21 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы