
«Birlik» жеке қоры «Қазақстан Республикасының 100 үздік мамандары -2022» республикалық конкурсын өткізеді. Конкурстың мақсаты-Қазақстан Республикасының үздік мамандарын анықтау, бәсекеге қабілеттілікті арттыру, сондай-ақ жеңімпаз-конкурсанттардың еңбек әдістері мен тәсілдерін зерделеу негізінде Қазақстан Республикасының әртүрлі салаларының үздік қызметкерлерін көтермелеу.
Байқау келесі сала мамандарының санаттары арасында өткізіледі: мемлекеттік қызмет; денсаулық сақтау; білім; мәдениет және спорт; әлеуметтік қызмет; шағын және орта бизнес; құқық қорғау жүйесі; жұмысшы мамандықтар; азаматтық қызметкерлер.
Өтінімдер 2022 жылғы 1 наурызға дейін «Қазақстан Республикасының 100 үздік мамандары - 2022» Республикалық конкурсы туралы ережеге (1-қосымша) өтінімнің нысаны бойынша fondbirlik@gmail.com электрондық мекенжайға қабылданады.