МЧС

Меню

Страницы

Статья

Қоғамдық кеңестің бір мүшесін іріктеу бойынша қосымша конкурс

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтық қорғау органдары қызметінің мәселелері жөніндегі кеңес мүшесін сайлау туралы 3 адамнан тұратын конкурс жарияланып отырғандығын хабарлайды.

Конкурс ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығының 36-тармағына сәйкес жарияланып отыр.

Атап айтқанда, Қоғамдық кеңес 2022 жылғы 7 - 17 ақпан дейінгі мерзімде коммерциялық емес ұйымдардан және азаматтардан қоғамдық кеңеске кандидаттар бойынша жазбаша нысанда ұсыныстар қабылдайды.

Қоғамдық кеңестің кандидаттарына «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес талаптар қойылады.

Конкурсқа қатысу үшін:

1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

2) өмірбаян деректері көрсетіле отырып, кандидаттың кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

3) сотталғандығының болуы не болмауы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама ұсынылады.

Өз ұсыныстарын жіберген әрбір коммерциялық емес ұйым және азамат бір кандидаттан артық ұсынбауы қажет.

Белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін кандидаттар, конкурсқа жіберілмейді.

Қоғамдық кеңестің кандидатуралар бойынша ұсыныстарды конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен кейн 10 жұмыс күні мерзімде мына мекенжайға жіберу қажет: индекс 010000, Нұр-сұлтан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8, 2-кіреберіс, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі мекенжайы бойынша, сондай-ақ: ye.nurseitov@ttc.kz (м.т. 8 (701) 191-10-41).

 

Дата публикации
07 февраля 2022
Дата обновления
07 февраля 2022
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

21 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
Жедел ақпарат
21 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы