
Төтенше жағдайлар министрлігі «Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Түрікменстанның Үкiметi арасындағы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірледі.
Заң жобасы 2022 жылғы 27 қаңтарда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған www.legalacts.egov.kz (10.02.2022 ж. дейін).