МЧС

Меню

Страницы

Статья

«Мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту саласындағы қызметті жүзеге асыратын, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі бұйрығы жобасының жария талқылау үшін орналастырылғаны туралы хабарлама

Әзірлеуші мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі.

Жоба «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 1-тармағына сәйкес, сондай-ақ «Объектілерді террористік тұрғыдан осал объектілерге жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 234 қаулысын іске асыру мақсатында әзірленді.

Жоба террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды айқындайды.

Жоба бойынша бұрын қабылданған, мемлекеттік тіркеуден бас тартылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер жоқ.

Жобаны қабылдау шығындардың ұлғаюын немесе республикалық не жергілікті бюджеттерге түсімдердің азаюын көздемейді.

Жоба теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.

Жобаның реттеушілік әсеріне талдау жүргізу талап етілмейді.

Жоба 2021 жылғы 24 маусымда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған.

Дата публикации
21 июня 2021
Дата обновления
21 июня 2021
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы