
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 2-тармағына сәйкес уəкілетті органның жалауы мен рəмізі болады. Аумақтық бөлімшелері мен білім беру ұйымдарының жалаулары және азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің жауынгерлік жалаулары болады.
Уəкілетті орган жалауы мен рəмізінің, аумақтық бөлімшелері, білім беру ұйымдары және азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің жалауларының сипаттамасын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Осыған байланысты, Төтенше жағдайлар министрлігі «Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган ведомствосының жалауы мен рәмізінің, ведомствоның аумақтық бөлімшелері мен білім беру ұйымдары жалауларының сипаттамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 15 қыркүйектегі № 549 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасын әзірледі.
Жарлық жобасында редакциялық сипаттағы өзгерістер енгізу, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның рәмізін өзгерту, жалаулар ауқымын өзгерту, сондай-ақ азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің жауынгерлік туларының сипаттамасын бекіту көзделген.
Жарлық жобасы 2021 жылғы 21 маусымда ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған legalacts.egov.kz.