
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Шымкент қ.: 16 қазанда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
16 қазанда түнде және таңертең Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, орталығында 4 градус үсік күтіледі.
16 қазанда Алматы облысында солтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, облыстың шығысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыста 1-6 градус үсік күтіледі.
16 қазанда Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20, екпіні 23-28 м/с.
16 қазанда түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.
16 қазанда Қызылорда облысының шығысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, күндіз күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
16 қазанда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
16 қазанда түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.
16 қазанда күндіз Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
16 қазанда Ақтөбе облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында екпіні 15-18 м/с күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
16 қазанда күндіз Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
16 қазанда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз облыстың батысында, орталығында кей уақыттарда 23 м/с күтіледі. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
16 қазанда түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
16 қазанда түнде және таңертең Қарағанды облысының шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел күндіз оңтүстік-шығысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде 15 м/с. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
16 қазанда Ұлытау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15 м/с. Облыстың батысында, орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
16 қазанда түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (көбінесе қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.
16 қазанда түнде Абай облысының оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (көбінесе қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың шығысында, оңтүстік-батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.