МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер

Шымкент қ.: 04 қазанда жаңбыр, найзағай, күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. 

04 қазанда Түркістан облысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. 

04 қазанда түнде Жамбыл облысының батысында, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с, кей уақыттарда 23-28 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

04 қазанда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар). Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

04 қазанда түнде Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

04 қазанда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, кей уақыттарда 25 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. 

04 қазанда күндіз Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. 

04 қазанда Қарағанды облысының солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

04 қазанда Қызылорда облысының шығысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, дауыл, шаңды дауыл күтіледі. Жел батыстан, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде             1 градус үсік күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. 

04 қазанда Павлодар облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.  

04 қазанда түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының шығысында тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

04 қазанда түнде және таңертең Абай облысының шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.  

04 қазанда Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, кей уақыттарта екпіні 16-21 м/с. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 04 қазанда оңтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, кей уақыттарта екпіні 16-21 м/с. 

04 қазанда Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

04 қазанда түнде Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. 

04 қазанда түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. 

04 қазанда түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. 

04 қазанда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

Дата публикации
03 октября 2026
Дата обновления
03 октября 2026
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
Жедел ақпарат
21 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы