МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер 

Астана қ.: 01 қазанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы қ.: 01 қазанда кешке өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. 

Шымкент қ.: 01 қазанда жаңбыр, найзағай, күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. 

01 қазанда Жамбыл облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады. 

01 қазанда Түркістан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жаңбыр, найзағай, таңертең және күндіз таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. 

01 қазанда Қызылорда облысында жел батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. 

01 қазанда күндіз Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

01 қазанда күндіз Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с.

01 қазанда түнде және таңертең Павлодар облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде 18 м/с күтіледі. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде  төтенше өрт қаупі сақталады. 

01 қазанда түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстік-батысында 15-18 м/с. Облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

01 қазанда түнде және таңертең Абай облысының орталығында тұман күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстігінде 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.  

01 қазанда күндіз Қарағанды облысының батасында, солтүстігінде, шығысында  жаңбыр, найзағай күтіледі.  Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. 

01 қазанда күндіз Ұлытау облысының шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

01 қазанда таңертең және күндіз Қостанай облысының оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. 

01 қазанда Ақтөбе облысының шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

01 қазанда таңертең және күндіз Алматы облысының  солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 01 қазанда таңертең және күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с.

01 қазанда Жетісу облысының батысында, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

01 қазанда Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

01 қазанда Атырау облысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

01 қазанда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Дата публикации
01 октября 2026
Дата обновления
01 октября 2026
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы