МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер

Астана қ.: 29 қыркүйекте солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі. Түнде топырақ бетінде 3 градус үсік күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Шымкент қ.: 29 қыркүйекте солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

29 қыркүйекте Алматы облысы бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

29-30 қыркүйекте Жетісу облысы бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. 

29 қыркүйекте Ақмола облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 3 градусқа дейін үсік күтіледі. Облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

29 қыркүйекте түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі. 

29 қыркүйекте Павлодар облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 3 градус үсік күтіледі. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде  төтенше өрт қаупі сақталады. 

29 қыркүйекте түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында 3 градус үсік күтіледі. Облыстың шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

29 қыркүйекте Абай облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында 3 градус үсік күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. 

29 қыркүйекте түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

29 қыркүйекте Ақтөбе облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 1 градус үсік күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

29 қыркүйекте Атырау облысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

29 қыркүйекте Маңғыстау облысында шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оралығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

29 қыркүйекте түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде  тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде 2 градус үсік. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі. 

29 қыркүйекте Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

29 қыркүйекте Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады

29 қыркүйекте Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады. 

29-30 қыркүйекте Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

29 қыркүйекте Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

29 қыркүйекте түнде Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында аздаған жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Дата публикации
29 сентября 2026
Дата обновления
29 сентября 2026
Тип

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы