
«Қазгидромет» РМК деректер бойынша дауылды ескертулер
Дауылды ескертулер сақталады:
26 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
26-27 қыркүйекте Жетісу облысы бойынша төтенше өрт қаупі сақталады
Дауылды ескертулер күтіледі:
Астана қ.: 26 қыркүйекте түнде және таңертең тұман күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы қ.: 26 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Шымкент қ.: 26 қыркүйекте таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
26 қыркүйекте Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында жаңбыр, найзағай, таңертең және күндіз облыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
26 қыркүйекте Қызылорда облысының шығысында, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
26 қыркүйекте күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
26 қыркүйекте Жамбыл облысының батысында, оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
26 қыркүйекте түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 1 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
26 қыркүйекте түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.
26 қыркүйекте түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде 3 градус үсік күтіледі.
26 қыркүйекте түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 2 градус үсік.
26 қыркүйекте түнде және таңертен Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
26 қыркүйекте күндіз Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с Төтенше өрт қаупі сақталады
26 қыркүйекте түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Түнде облыстың таулы аудандарында 2 градус үсік күтіледі. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
26 қыркүйекте түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел солтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
26 қыркүйекте Маңғыстау облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, облыстың солтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
26 қыркүйекте түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
26 қыркүйекте түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
26 қыркүйекте Атырау облысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.