МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер

Астана қ.: 25 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.                                                                            

Күндіз 25 қыркүйекте Түркістан облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Солтүстік-шығыстан жел соғады облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

25-26 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, 25-26 қыркүйекте облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. 

25 қыркүйекте Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. 

Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 25 қыркүйекте кей  уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі.  

25-27 қыркүйекте Жетісу облысы бойынша төтенше өрт қаупі сақталады. 

25 қыркүйекте күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

25 қыркүйекте түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

25 қыркүйекте таңертең және күндіз Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-батысында, шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. 

25 қыркүйекте күннің соңында Ұлытау облысының солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

25 қыркүйекте Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік. 

25 қыркүйекте күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың  шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

25 қыркүйекте түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с. Облыстың шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. 

25 қыркүйекте түнде және таңертең Павлодар облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады.

25 қыркүйекте түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.  

25 қыркүйекте түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі.  ел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

25 қыркүйекте күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 

25 қыркүйекте күндіз  Атырау облысының батысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында екпіні 15-18 м/с. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

25 қыркүйекте күндіз Маңғыстау облысының солтүстік-батысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік-батысында екпіні              15-18 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Дата публикации
25 сентября 2026
Дата обновления
25 сентября 2026
Тип

Сейчас читают

21 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
Жедел ақпарат
21 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы