МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК деректер бойынша дауылды ескертулер

Дауылды ескертулер сақталады:

22 қыркүйекте Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Дауылды ескертулер күтіледі:

Астана қ.: 22 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы қ.: 22 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.

Шымкент қ.: 22-23 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

22 қыркүйекте түнде және таңертен Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

22 қыркүйекте Ұлытау облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

22 қыркүйекте Алматы облысының оңтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

22 қыркүйекте Жетісу облысының таулы аудандарында жаңбыр, күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. 22-24 қыркүйекте облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

22 қыркүйекте түнде Атырау облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

22 қыркүйекте түнде және таңертең Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

22 қыркүйекте түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.  Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

22 қыркүйекте күндіз Абай облысының батысында, оңтүстік-батысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

22 қыркүйекте Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

22 қыркүйекте Маңғыстау облысының  батысында, солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

22 қыркүйекте түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың оңтүстік жартысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.

22 қыркүйекте түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.

22 қыркүйекте түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

22 қыркүйекте Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

22 қыркүйекте Түркістан облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың таулы аудандарында 15-20 м/с. 22-23 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

Дата публикации
21 сентября 2026
Дата обновления
21 сентября 2026
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

21 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
Жедел ақпарат
21 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Дауылды ескертулер

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы