
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Алматы қ.: 21 қыркүйекте кей уақытта жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 17 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
21 қыркүйекте Жетісу облысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
21-22 қыркүйекте Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.
21 қыркүйекте Түркістан облысының төтенше өрт қаупі сақталады.
21 қыркүйекте түнде Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, оңтүстігінде, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақыттарда екпіні 17-22 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 21 қыркүйекте күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 17-22 м/с.
21 қыркүйекте түнде Жетісу облысының оңтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с.
21 қыркүйекте түнде және таңертең Жамбыл облысының шығысында, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
21 қыркүйекте Маңғыстау облысының батысында, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
21 қыркүйекте Қарағанды облысының оңтүстігінде жаңбыр, найзағай. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
21 қыркүйекте Ұлытау облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде екпіні 15 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
21 қыркүйекте түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
21 қыркүйекте түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
21 қыркүйекте түнде және таңертең Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады.
21 қыркүйекте түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
21 қыркүйекте түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
21 қыркүйекте Атырау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
21 қыркүйекте түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Орал қ.: 21 қыркүйекте түнде және таңертең тұман күтіледі.
21 қыркүйекте түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
21 қыркүйекте түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.