
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Дауылды ескерту сақталады:
20-21 қыркүйекте Жетісу облысында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Талдықорған қ.: 20-21 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Дауылды ескертулер күтіледі:
Астана қ.: 20 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы қ.: 20 қыркүйекте кешке өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Шымкент қ.: 20-21 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
20 қыркүйекте Атырау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау қ.: 20 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
20 қыркүйекте Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
20 қыркүйекте таңертең және күндіз Қарағанды облысының батысында, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
Қарағанды қ.: 20 қыркүйекте төтенше өрт қаупі күтіледі.
20 қыркүйекте түнде және таңертең Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, облыстың шығысында, орталығында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Жезқазған қ.: 20 қыркүйекте таңертең және күндіз аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
20 қыркүйекте күндіз Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Қонаев қ.: 20 қыркүйекте кешке өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 20 қыркүйекте күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
20 қыркүйекте күндіз Жетісу облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері аудандарында екпіні 15-20 м/с.
20 қыркүйекте Қызылорда облысында жел солтүстік-батыстан, солтүстіктен соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. 20-22 қыркүйекте облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда қ.: 20-22 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
20 қыркүйекте түнде Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
20 қыркүйекте түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
20 қыркүйекте Абай облысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Семей қ: 20 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.
20 қыркүйекте түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Көкшетау қ.: 20 қыркүйекте түнде және таңертең тұман күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
20 қыркүйекте түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі.
Қостанай қ: 20 қыркүйекте түнде және таңертең тұман күтіледі.
20 қыркүйекте Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. 20-21 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан қ.: 20-21 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
20 қыркүйекте таңертең және күндіз Жамбыл облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында кей уақыттарда екпіні 23-28 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
Тараз қ.: 20 қыркүйекте оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
20 қыркүйекте түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысында тұман күтіледі. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Петропавл қ.: 20 қыркүйекте түнде және таңертең тұман күтіледі.
20 қыркүйекте түнде және таңертең Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар қ.: 20 қыркүйекте түнде және таңертең тұман күтіледі.
20 қыркүйекте түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.
Орал қ.: 20 қыркүйекте түнде және таңертең тұман күтіледі.