МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескерутлер

«Қазгидромет» РМК деректер бойынша дауылды ескертулер

Дауылды ескертулер күтіледі:

Астана қ.: 18 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы қ.: 18 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.

Шымкент қ.: 18 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

18 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде кей уақытта 25 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

18 қыркүйекте Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

18 қыркүйекте Павлодар облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыста жоғары өрт қаупі сақталады.

18 қыркүйекте Қарағанды облысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

18 қыркүйекте күндіз Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

18 қыркүйекте түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

18 қыркүйекте түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде таулы аудандарында топырақ бетінде үсік 2 градус күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, батысында, шығысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

18 қыркүйекте түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

18 қыркүйекте күндіз Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында екпіні 15-18 м/с. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

18 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

18 қыркүйекте Атырау облысының шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында тұман. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

18 қыркүйекте Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.         

18 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

18 қыркүйекте Түркістан облысының батысында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

18 қыркүйекте Жамбыл облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың  таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

18 қыркүйекте Алматы облысы бойынша төтенше өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

18 қыркүйекте Жетісу облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с. 18-21 қыркүйекте облыс бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Дата публикации
18 сентября 2026
Дата обновления
18 сентября 2026
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы