МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескертулер

«Қазгидромет» РМК деректер бойынша дауылды ескертулер

Дауылды ескертулер сақталады:

Шымкент қ.: 15 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.

15 қыркүйекте Түркістан облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

15-16 қыркүйекте Ақтөбе облысының солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

Дауылды ескертулер күтіледі:

Астана қ.: 15 қыркүйекте  батыстан жел соғады, таңертен және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы қ.: 15 қыркүйекте жоғары өрт қаупі сақталады.

15 қыркүйекте түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

15 қыркүйекте Атырау облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

15 қыркүйекте Маңғыстау облысының солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

15 қыркүйекте түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

15 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

15 қыркүйекте күндіз Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

15 қыркүйекте Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыста жоғары өрт қаупі күтіледі.

15 қыркүйекте Ұлытау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

15 қыркүйекте Қарағанды облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

15 қыркүйекте күндіз Шығыс Қазақстан облысының таулы аудандарында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады.

15 қыркүйекте Абай облысында жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, екпіні 23 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

15-16 қыркүйекте Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

15 қыркүйекте күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында солтүстік-батыстан жел соғады,екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

15 қыркүйекте  Алматы облысының орталығында, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

15 қыркүйекте Жетісу облысында солтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. 15-17 қыркүйекте облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Дата публикации
14 сентября 2026
Дата обновления
14 сентября 2026
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы