
«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер
Астана қ.: 12 қыркүйекте кей уақыттарда жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы қ.: 12 қыркүйекте оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Шымкент қ.: 12 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
12 қыркүйекте Қостанай облысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с, күндіз екпіні 15-20, кей уақытта 23 м/с. Облыстың батысында, шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
12 қыркүйекте түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығыснда, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертен облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-18 м/с. Облыстың солтүстік-шығысында, солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
12 қыркүйекте түнде Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз 15-20 м/с, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
12 қыркүйекте Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с Төтенше өрт қаупі сақталады
12 қыркүйекте Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақыттарда 23-28 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады. Облыстың батысында төтенше өрт қаупі күтіледі.
12 қыркүйекте түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
12 қыркүйекте күндіз Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20, облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда 23-28 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыста жоғары өрт қаупі күтіледі.
12 қыркүйекте күннің екінші жартысында Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі күтіледі.
12 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Күндіз облыс бойынша 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, солтүстік-батысында оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
12 қыркүйекте күндіз Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с, облыстың шығысында кей уақыттарда 25 м/с. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың орталығында, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 12 қыркүйекте күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
12 қыркүйекте күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Күндіз 35-37 градус қатты ыстық.
12-14 қыркүйекте Талдықорған облысы бойынша жоғары өрт қаупі, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
12 қыркүйекте Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы аудандарында 15-20 м/с.Төтенше өрт қаупі сақталады.
12 қыркүйекте Жамбыл облысының солтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
12 қыркүйекте түнде Қызылорда облысының солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
12 қыркүйекте түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
12 қыркүйекте түнде және таңертең Атырау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
12 қыркүйекте түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады