
«Қазгидромет» РМК деректер бойынша дауылды ескертулер
Дауылды ескерту сақталады:
Шымкент қ.: 07 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
07 қыркүйекте Түркістан облысының батысында, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с. 07 қыркүйекте төтенше өрт қаупі сақталады.
Дауылды ескертулер күтіледі:
07 қыркүйекте түнде Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
07 қыркүйекте күндіз Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жаңбыр, найзағай, облыстың батысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
07 қыркүйекте түнде Атырау облысының батысында аздаған жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
07 қыркүйекте Ақтөбе облысында оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстік-шығысында, солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
07 қыркүйекте күндіз Қостанай облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
07 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
07 қыркүйекте Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
07 қыркүйекте Павлодар облысының солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.
07 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
07 қыркүйекте Абай облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
07 қыркүйекте Қарағанды облысында солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
07 қыркүйекте Ұлытау облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.
07 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
07 қыркүйекте Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі.
07 қыркүйекте Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
07 қыркүйекте Алматы облысының орталығында, батысында, шығысында төтенші өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
07 қыркүйекте күндіз Жетісу облысының Алакөл көлдері аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 07-09 қыркүйекте облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.