МЧС

Меню

Страницы

Статья

Дауылды ескерту

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша дауылды ескертулер

  Дауылды ескерту сақталады:

  04 қыркүйекте Ақтөбе облысының солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

  Дауылды ескертулер күтіледі:

  Шымкент қ.: 04 қыркүйекте солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

  04 қыркүйекте түнде Алматы облысының тау бөктеріндегі аудандарында жаңбыр, найзағай, таулы аудандарында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар), күндіз облыстың тау бөктеріндегі, таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың орталығында, батысында, шығысында төтенше өрт қаупі, облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

  Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 04 қыркүйекте күндіз өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман.

  04 қыркүйекте күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20,  күндіз екпіні 23-28 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

  04 қыркүйекте Жамбыл облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

  04 қыркүйекте күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі.

  04-06 қыркүйекте облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі, облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

  04 қыркүйекте түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың солүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі.

  04 қыркүйекте күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі.

  04 қыркүйекте түнде және таңертең Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында күтіледі.

  04 қыркүйекте түнде және таңертең Қостанай облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

  04 қыркүйекте күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

 04 қыркүйекте күндіз Атырау облысында батысында, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-18 м/с. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

 04 қыркүйекте күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі, облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.      

  04 қыркүйекте түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман күтіледі. Түнде облыстың таулы аудандарында 3 градус үсік күтіледі.

  04 қыркүйекте түнде және таңертең Абай облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15-18 м/с. Түнде облыстың шығысында 2 градус үсік күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

  04 қыркүйекте Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 15 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. 

  04 қыркүйекте Ұлытау облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

  04 қыркүйекте күндіз Қызылорда облысының оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.

Дата публикации
03 сентября 2026
Дата обновления
03 сентября 2026
Тип
Жедел ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
Дауылды ескертулер
20 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 20 қазан)
19 октября 2026
Өткен тәулікте тіркелген төтенше жағдайлар туралы жедел ақпарат (2026 жылғы 18 қазан)

Социальные медиа

Youtube
Facebook
Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы